Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS World University Rankings: Sustainability 2024 рейтингісінде!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өзінің 70 жылдық мерейтойында жетістіктерін қайта толықтырып, QS World University Rankings: Sustainability 2024 беделді әлемдік рейтингісіне сәтті енгенін мақтанышпен жариялаймыз. Университет әлемдік деңгейде тұрақты дамуға үлесін растай отырып, лайықты 1201+ орынға ие болды.

2023 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған QS Sustainability Rankings нәтижесі бойынша 12 қазақстандық университеттің алғаш кіргені көрсетілді, бұл елдің орнықты даму саласындағы халықаралық танылуының өскенін көрсетеді.

QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов қазақстандық жоғары оқу орындарының деңгейін жоғары бағалады және биыл ғана еліміздің жетекші университеттерінде бірнеше тұрақты даму орталықтары ашылғанын атап өтті. Бұл орталықтар шетелдік серіктестермен ынтымақтасады және жалпы әлемдік контекстке қосқан үлесін толықтырады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «басқару моделі», «қоршаған ортаға әсер ету» және «қоғамдық ықпал» сияқты критерийлер бойынша рейтингте айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өту маңызды. «Тең жағдай жасау», «білім алмасу», «түлектердің жұмысқа орналасуы» және «денсаулық пен әл-ауқат» салаларындағы алынған жоғары бағалары университеттің қазіргі қоғамға қосқан кешенді және оң үлесін көрсетеді.

Бұл нәтиже университеттің академиялық, ғылыми және әлеуметтік салалардағы әлемдік аренадағы артықшылығын растайды. Біз өз ұжымымызды мақтан тұтамыз және орнықты даму саласында үздік нәтижелерге қол жеткізуді жалғастыруға ұмтыламыз.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің барлық ұжымын осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз.

Без рубрики