Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да магистранттар мен докторанттар үшін жаңа және инновациялық білім беру бағдарламалары ашылуда


«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында «Тау жыныстары мен массивтер геомеханикасы» магистратурасының және «Маркшейдерлік іс» PhD докторантурасының жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын ашуға байланысты мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттары, сондай-ақ белгілі ғалым, «Русская платина» АҚ (РФ) ғылыми кеңесшісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Мансуров В.А. қатысты.

Ғалымдардың пікірінше, «Тау жыныстары мен массивтердің геомеханикасы» инновациялық білім беру бағдарламасының ашылуы Қазақстанның барлық жер қойнауын пайдаланушыларының жұмыс жүргізу қауіпсіздігі мақсатында өз құрылымында «Геомеханикалық қызмет» болуға міндетті екендігіне байланысты. Қазақстанда алғаш рет әзірленген бұл бағдарлама ел экономикасында шешуші болып табылатын тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарын кадрлармен қамтамасыз етуді көздейді.

Магистранттарды даярлау кезінде цифрлық модельдеумен, кеңістіктік, геологиялық және геотехникалық деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандырумен ұштастыра отырып, жасанды интеллектті қолдана отырып, пәнаралық тәсіл көзделеді.

Қазіргі уақытта кафедрада «Маркшейдерлік іс» білім беру бағдарламасы бойынша екі деңгейлі дайындық жүргізілуде. Үш деңгейлі дайындықты іске асыру үшін «Маркшейдерлік іс» PhD докторантурасын ашу қажет.

Ғалымдар осы білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурада оқуға негізгі үміткерлер Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың түлектері ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да жетекші жоғары оқу орындарының түлектері бола алатынын атап өтті. Мысалы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (Алматы қ.).

Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен өндіру кәсіпорындарында 1 200-ден астам маркшейдер жұмыс істейді. Олардың едәуір бөлігі магистратура мен PhD докторантурада оқуын жалғастырғысы келеді.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне оқуға қош келдіңіз!

Без рубрики