Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары қайырымдылық шарасын өткізді


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілі мен мәдениеті» және «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедраларының оқытушылары Көлік-жол факультетінің қызметкері болып жұмыс істеген Қайырбекова Жаннаның анасыз қалған екі қызына арналған «Өмір мектебі» қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға бөгде адамның бақытсыздығына бей-жай қарамайтын факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, жүрек жылуы бар, кең пейілді адамдар қатысты. Олар үшін бұл жай ғана іс-шара емес, рухани қажеттілік.

Біздің халқымызда: «Садақа бергенде, сол қолыңыз оң қолыңыздың не істеп жатқанын білмесін» деген дана сөз бар. Яғни, бір адамның немесе ұжымның әрекеттері басқа адамды жақсы істерге итермелеуі мүмкін.

Тек көлік-жол факультеті ғана емес, сонымен қатар біздің университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы, студенттері де осындай қайырымдылық шараларынан тыс қалмайды. «Ақниет» университеттік жастар қайырымдылық ұйымымен және жекелеген құраммен бірлесіп біздің оқытушылар мен қызметкерлер қайырымдылық акцияларының шеңберінде, «Таңшолпан», «Құлыншақ», «Айналайын» балалар үйлеріне, «НОДА» мектеп-интернатына, «Мейірімділік», «Рақым» қарттар және мүгедектер үйіне баруды тұрақты түрде өткізеді, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үнемі барып, қажетті көмек көрсетеді. Жыл сайын «Мектепке жол» және «Аяз Атаға хат» акциялары, ауыр науқас балаларға, мүгедек қызметкерлерге қайырымдылық көмек ұйымдастыру өткізіледі.

Адам өз өмірінде жасай алатын ең жақсы нәрселердің бірі – анасыз қалған балаларға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне мейірімділік пен қамқорлық таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлыққа мұқтаж адамдарға көмек көрсете отырып, әрқайсымыз қамқоршы және мейірімді болуға тырысамыз.

Жақсылықты бірге жасайық!

Без рубрики