Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті Алматай Жігер джиу-джитсу күресінен әлем чемпионатында екінші орын алды


2023 жылғы 1-10 қараша аралығында Әбу-Даби қаласында (БАӘ) джиу-джитсудан «Abu-Dhabi World amateur jiu-jitsu championship 2023» әлем чемпионаты өтті. Оған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың сәулет-құрылыс факультетінің студенті Алматай Жігер (С-23-1 тобы) қатысты.

Жігер 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, онда 80-нен астам спортшы біріншілікке таласты. 6 жекпе-жекті ойдағыдай өткізгеннен кейін, ол тек соңғы жекпе-жекте Бразилиялық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Жігердің өзі жеңіске жетуді жоспарлаған болатын. Әрине, ол нәтижесіне толық риза болмады. Бірақ, біздің ойымызша, ол сәтті өнер көрсетті және құрметке лайық.

Әлем чемпионатының жүлдегері атанған Жігер Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығына арналған спорттық жетістіктер қоржынына лайықты үлес қосты.

Жігерді жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Өйткені, бұл қатардағы турнир емес қой, бұл әлем біріншілігі! Оған қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әлем чемпионы болу туралы арманын жүзеге асыруын тілейміз!

Без рубрики