Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы инновациялық өнімдерді әзірлеу және коммерцияландыру бойынша өндіріспен ынтымақтастықты дамытуда


«АСЭП» ЖШС компаниясы тобының оқыту орталығында фирма басшылығының Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары – атқарушы директор, т.ғ.д., профессор А.З. Исағұлов, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, PhD докторы А.К. Ракишев, ӨПА кафедрасының меңгерушісі В.В. Югай, т.ғ.к. және кафедра доценті В.В.Каверинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы инновациялық өнімдерді әзірлеу саласында бірлескен ғылыми және конструкторлық қызметті одан әрі ұйымдастыру перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірлескен оқытуды ұйымдастыру; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бірлесіп қатысу мәселелері, сондай-ақ докторанттарды даярлауға байланысты мәселелер қаралды.

«АСЭП» ЖШС компаниясының тобы («Автоматтандырылған жүйелер және электр жетегі») – елдегі жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын өндіріс объектілері үшін өнеркәсіптік процестер мен технологиялық циклдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің жетекші әзірлеушілері мен интеграторларының бірі.

Кәсіпорын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-мен тығыз өзара іс-қимылды қолдайды және бүгінде «Автоматтандыру және басқару» және «Энергетикалық жүйелер» шығарушы кафедраларында оқитын студенттер мен магистранттардың практикасына арналған платформа болып табылады, оларға өндірістік процестерді автоматтандыру саласында нақты тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Без рубрики