Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері 2023/2024 аймақтық студенттер лигасының жарыстарын сәтті бастады


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде волейбол да студенттер арасында футзал сияқты танымал екенін көрсетті. Бұл волейбол командасына жақында өткен іріктеуден белгілі болды. Волейболдан жаттықтырушы, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы О.Н. Елеукешов бұл туралы тиісті хабарландыру беруі мұң екен, команда құрамына кіргісі келетіндерден шек болмады. Осы маусымда екі команда құрып, оларды бірінші және екінші құрамға бөлуге тура келді.

Осылайша, екеуі де аймақтық студенттер лигасының дәстүрлі жарыстарының басталуына қатысты. Оларға біздің университет командаларынан басқа Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды медицина университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, Б.С. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институты командалары қатысады.

Турнирдің басталуы көрсеткендей, волейбол командаларына қатысушыларды іріктеу өте сәтті болды.  Барлық ойындарда екеу команда да өз қарсыластарын жеңді. Бірақ бұл тек бастамасы. Жарыс 2024 жылдың сәуіріне дейін жалғасады.

Біздің спортшыларды турнирді сәтті бастауымен құттықтаймыз! Алдағы ойындар мен жалпы турнирде жеңістер тілейміз!

Без рубрики