Конкурсты ұйымдастырушы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік — гуманитарлық пәндер» кафедрасы.
Конкурстың мақсаты: «Туған жер» бейнероликтер байқауы студент жастардың рухани-құндылық және практикалық бағдарлануына, жастардың азаматтық, патриотизмді маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде дамытуға, сондай-ақ өңірлік білім мен өңірлік мәдениеттің басымдықтарын бекітуге ықпал ететін өлкетану білімін дамытуға бағытталған
Бейнероликтердің мазмұнына қойылатын талаптар:
- безендіруде біркелкі мәнерді қолдану;
- бейнеролик өзіндік жасалуы керек;
- бейне дұрыс көрсетілуі керек (қараңғы немесе көмескі болмауы керек);
- роликтің фонында мәтіннің оқылуы (мәтін фонда айқын көрінеді, фон мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолдану);
- барынша ақпараттылық (дыбыстық сүйемелдеу);
- роликтің ұзақтығы – 1,5-3 мин;
- тілі (мемлекеттік/орыс).
Конкурсты өткізу мерзімдері:
- Конкурсқа бейнероликтер мен тіркеу сауалнамаларын ұсыну – 2023 жылғы 28 қарашаға дейін (қоса алғанда);
- Қорытынды шығару, марапаттау – 1 желтоқсан 2023 ж.
Конкурс өткізу тәртібі:
- Конкурстық комиссия бейнероликтерді бағалау нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарын іріктейтін болады;
- конкурс жеңімпаздарына электрондық пошта арқылы хабарланады;
- байқау жеңімпаздары мен ғылыми жетекшілер дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі:
- Қатысушының бейнеролигі мен сауалнамасын мына электрондық мекенжайға жіберу қажет olesya_khmelnitskaya@mail.ru, «Тегі_Бейнероликтер конкурсы» деген белгісі болуы міндетті.
- Қатысушының сауалнамасы
«Туған жер» бейнероликтер байқауына қатысушының сауалнамасы | |
Қатысушылардың Т.А.Ә. (3 адам) | |
ЖОО, топтың атауы | |
Жетекшінің Т.А.Ә. | |
Қатысушының E mail, байланыс телефоны |
- 3.Талаптарға сәйкес келмейтін және осы ақпараттық хатта көрсетілген белгіленген мерзімнен кеш түскен бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.
Конкурстың үйлестірушісі: ҚХАжӘГП кафедрасының аға оқытушысы О.М. Хмельницкая.