Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары мен жас ғалымдары өңірдің басым салалары үшін Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын құру шеңберінде форсайт-сессияға қатысты


Оқушы жастардың мамандығын таңдауда алдағы 7-10 жылда сұранысқа ие болатын облысымыздың Жаңа мамандықтары мен құзыреттіліктерінің атласы көмектеседі.

Болашақты болжау – бүгінгі таңда ең өзекті міндеттердің бірі. Бүкіл әлемде байқалатын жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында ұзақ мерзімді перспективаларды пайымдау қажет. Бұған болашақты модельдеудің инновациялық құралы болып табылатын форсайт-сессиялар зор көмек көрсетеді. Олар әртүрлі салаларда, соның ішінде білім беруде белсенді қолданылады. Осылайша, соның арқасында болашақта қандай дағдылар мен мамандықтар сұранысқа ие болатынын болжауға болады. Соның негізде жоғары оқу орындары мен колледждер өздерінің білім беру бағдарламаларын алдын ала түзетуге, ал мектеп түлектері — өзекті және сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға мүмкіндік алады

2023 жылдың қараша айының басында өңірдің басым салалары үшін Қарағанды облысының Жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласын құру шеңберінде «Ерекше пікір» ЖШС «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ тапсырысы бойынша форсайт-сессия өткізді, оған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары мен жас ғалымдары, сондай-ақ салалық сарапшылар ретінде өндіріс өкілдері қатысты.

Форсайт-сессия үш бағыт бойынша өткізілді: өңдеу өнеркәсібі (металлургия, машина жасау, қайта өңдеу), тау-кен өнеркәсібі, креативті индустриялар және IT. Қарағанды облысы салаларының технологиялық дамуының пайымын анықтау және қалыптастыру, алдағы 7-10 жылға арналған перспективаларды қамтитын Жаңа кәсіптер атласын құру — оның ұйымдастырушылары мен қатысушыларының көздеген мақсаттары.

Сессияның нәтижесі таяу болашақта еңбек нарығындағы өзгерістерге әсер етуі мүмкін негізгі технологиялық трендтер бойынша ұсынымдар болды.

Без рубрики