Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттеріне қонаққа келген лицей оқушылары


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының студенттері «№ 2 Лицей» КМК 6 «А» сынып оқушыларына таныстыру экскурсиясын өткізді (сынып жетекшісі О. М. Сухоручкина).

Экскурсия барысында оқушыларға биыл өзінің мерейтойын — 70 жылды атап өтетін университеттің, тау-кен факультеті мен КАжЕҚ кафедрасының құрылу тарихы туралы айтылды. Оқушылар қандай өзекті білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүріп жатқаны, студенттер университетті бітіргеннен кейін қандай мамандандыру алатыны туралы білді.

Лицей оқушыларына «Өндірістік қауіпсіздік» және «Өрт қауіпсіздігі» зертханалары, қоршаған орта көрсеткіштері мен жұмыс алаңдарын анықтауға арналған аспаптар мен жабдықтар көрсетіліп, жүрек-өкпе реанимациясын жаттықтыруға арналған тренажерде алғашқы медициналық көмек көрсету әрекеттері; «Автоматты навигациялық жүйе» және «Автоматты өрт сөндіру жүйесі» интерактивті демонстрациялық-оқыту стендтері, шаң-тозаңды өлшеуге арналған камера, сондай-ақ «Алғашқы өрт сөндіру жүйелері» виртуалды зертханалық кешені және «Өрт сатысы» тренажері көрсетілді.

Балалардың ерекше қызығушылығын «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің талап етілетін уақытта орындаған қртке су себетін түтік құбырды орналастырудың көрнекі көрсетілімі болды. Экскурсия лицей оқушыларына үлкен әсер қалдырды. Кім біледі, мүмкін болашақ мамандығын таңдайтын сәті келгенде өз септігін тигізетін шығар?

Без рубрики