Әбілқас Сғынов атындағы ҚарТУ-дың КТК командасы Жайдарман Республикалық «Ertis Nomad» лигасында екінші орын алды


2023 жылғы 16-қазанда Семей қаласында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы Жайдарман «Ertis Nomad» республикалық лигасының вице-чемпионы атанды.

Команда құрамына: Амангелді Айшуақ (АиУ-21-1с) – капитан, Ермекұлы Сәкен (ИС-22-2), Тілеуқабылов Ернұр (МД-22-2), Хамитов Алдияр (ЭЭ-21-2) және Ахметов Мұхаммед (АиУ-21-1с) кірді.

Ойын маусымы Екібастұз қаласында басталды, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 35 КТК командасы қатысты. Келесі турлар Павлодар және Өскемен қалаларында өтті. 35 команданың барлық турларының қорытындысы бойынша финалға 7 үздік құрама жолдама алды.

Финалдық ойынға біздің университеттің командасымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ.), Медицина Университеттің және Шәкәрім атындағы Университеттің (Семей қ.) және Торайғыров Университетінің (Павлодар қ.) командалары, сондай-ақ Астана қаласы мен Риддер командаларының құрама командалары қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша біздің команда Семей қаласының Медицина университетінің командасын ғана алға жіберіп, 2-ші орынды иеленді. Осы жеңістің арқасында біздің команда келесі жылға телевизиялық лигаға жолдама алды.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың КТК командасының капитаны мен мүшелерін Жайдарман Республикалық «Ertis Nomad» лигасындағы жетістіктерімен құттықтаймын және оларға оқуда сәттілік пен КТК жарыстарында жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики