Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Қызметкерлерді басқару департаментінің қызметкерлері құттықталды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, профессор, техника ғылымдарының докторы М.К. Ибатов Қызметкерлерді басқару департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Кадрлар күнімен құттықтап, қызметкерлерді іріктеу және есепке алу, кадр резервін дамыту жөніндегі жауапты еңбектерін атап өтіп, оларға денсаулық, отбасылық амандық және жұмыста табыс тіледі.

Кәсіби мерекеге орай Марат Кеңесұлы Департамент қызметкерлері тобын: Департамент басшысы М.М. Кожухованы, кадрлар бөлімінің бастығы А.А. Темірәлиева, қызметкерлерді басқару және дамыту қызметінің басшысы С.Е. Бабаеваны, кадрлар бөлімінің аға инспекторы Т.З. Цвелихты, кадрлар бөлімінің аға инспекторы А.М. Қаршығинаны, қызметкерлерді басқару және дамыту қызметінің маманы С.А. Дүкенбаеваны, кадрлар бөлімінің маманы С.Қ. Махметті, кадрлар бөлімінің инженері Б.М. Маханованы, қызметкерлерді басқару және дамыту қызметінің инженері Б.С. Бабағұлды, қызметкерлерді басқару және дамыту қызметінің инженері С.С. Әсетті Алғыс хатпен марапаттады.

Қызметкерлерді басқару департаментінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және оларға жұмыста табыс тілейміз!

Без рубрики