«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбындағы жобалардың РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ


2023 жылғы 25 қыркүйектен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы басаталды. Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар, оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.

Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін өткізіледі. Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылау-техникалық қолдау көрсетіледі.

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 30 қазанына дейін электронды пошта арқылы жүзеге асырылады. Байқауғы қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 1864300, 8 (702) 4122906 телефондары арқылы алуға болады.

Қосымша ақпаратты сілтемеден алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/624905?lang=kk

 

Без рубрики