18.04.2023 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында ЕҚРҒЗИ Қарағанды филиалының базасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің БЖЗ-20-3 тобының студенттері Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандарымен кездесті. N5 МӘС бөлімінің маманы Ольга Ивановна өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан мүгедектікті және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай – ақ медициналық-әлеуметтік сараптама актілерін реттеу бойынша рәсімдерді жүргізу тәртібімен таныстырды.
Филиал директоры Омарова Ардақ Тілеужанқызы ЕҚРҒЗИ қызметкерлерімен кездесуде студенттерге кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру, еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдерді бағалау саласындағы заманауи тәсілдер туралы айтып берді, сондай-ақ еңбекті қорғауды құқықтық реттеу мәселелері қозғады.
Студенттер қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Кездесу соңында Ардақ Тілеужанқызы қазіргі заманғы шындықтағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешу бұрын-соңды болмаған өзектілікке ие болғанын және олардың маңыздылығы артып келе жатқанын, сондықтан еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандар әрқашан сұранысқа ие болатынын атап өтті.