Биотехнология


2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 5В070100 Биотехнология маман-ғы бойынша оқу қызметі туралы лицензияға ие болды. Биотехнология- бұл адам өміріне қажетті өнімдерді тірі ағзалар, жасушалар, биологиялық үрдістер   арқылы жүзеге асыру, өндіру.

Биотехнология- сонымен қатар бағалы өнімдер мен алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін әр түрлі биологиялық агенттерді қолданады.(микроағзалар,өсім жасушалары, жануар жасушасы, жасуша мембраналар, рибосомалар, митохондриялар,хлоропласттар).

Сондай-ақ биотехнологиялық үрдістерде мынадай микромолекулалар қолданылады: рибонуклеин қышқылдары (ДНК,РНК), ақуыздар, көбінесе ферменттер жиі пайдалынылады.

5В070100-Биотехнология мамадығының мақсаты — қазіргі таңда инженерия мен биология саласында инженер профилі бойынша білімі бар маман дайындау.

Кәсіби біліктілік саласы— биологиялық өнім өндірісі.

Біліктілік қызмет объектілері-ауыл шаруашылық өнеркәсібі, ботаникалық бақшалар, өсімдіктерді қорғау станциялары, экологиялық қызмет пен өндірістер, ауыл шаруашылық өнімдерін бақылайтын лабораториялар, селекциялы станциялар.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында құрылған 5В070100-Биотехнология мамандығы мамандарды дайындаудың үш негізгі бағытын көрсетеді:

  • Өсімдік биотехнологиясы
  • Биоэнерготехнология
  • Экология биотехнологиясы

Бұл мамандық бойынша оқып, кейін аяқтаған соң бітірушілер фармацевтика заводтарында, «Реагент» фирмасында, халықаралық биотехнология орталықтарында, басқа да биотехнология фирмаларында жұмыс істей алады.

Көмір қолдану арқылы органикалық заттар мен материалдарды өңдейтін өнеркәсіптерде қызмет атқаруға болады.

Төртінші пән: биология

 Профильді пән: биология

Без рубрики