Ғылыми доктор, профессор:
1. КЭ кафедрасының меңгерушісі Ахметжанов Бура Ахметжанович — ҚарМТУ Ғылыми Кеңесінің мүшесі, «ҚарМТУ еңбектері» журналының редакциялық ұжымы.
1961ж. ҚарПТИ-нің «Жер асты пайдалы қазбаларды өндіру» мамандығын үздік бітірді. Еңбек жолын 1961ж. Қарағанды көмір бассейнінде бастады. 1972ж. бастап КарМТУ жұмыс істейді. 1998 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми ізденуші дәрежесіне диссертация қорғап, 2000ж. профессор ғылыми атағын алды. 105 ғылыми еңбек, оның ішінде 4 монография, 8 оқу құралдары жарияланған. «ҚР білім үздігі» (1992,1997 жылдар), «ҚарМТУ-нің еңбегі сіңірген қызметкері», «2010 жылдың ең үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант иегері болып, «III дәрежедегі құрметті кенші» (2008ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбектері үшін» (2012ж.) мақтау қағаздарымен, Тәуелсіздіктің 20-жылдығымен байланысты ҚР медалімен (2011ж.) марапатталды. 5В050600 «Экономика», 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін «Маркетинг» пәні бойынша тәжірибелеік сабақтарға, ӨСӨЖ, СӨЖ оқу құралына интеллектуалдық меншіктік куәлігі бар.
Доценттер:
2. Алпысбаева Назым Амангазыевна – Экономика және менеджмент факультетының деканы, ҚарМТУ Ғылыми Кеңесінің мүшесі, Экономика Факультеты Ғылыми Кеңесінің өкілі, ҚарМТУ әдістемелік семинарының мүшесі;
1982 жылы «Тау-кен өнеркәсібінде басқару және экономика» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтты үздік бітіріп, тау-кен инженер-экономист біліктілігіне ие болды. 1984 жылға дейін АЖЖ зертханасында инженер қызметін атқарды. 1984-1988 жылдары «Пайдалы қазбаларды өндіру» кафедрасының қарамағында күндізгі оқу түрі бойынша аспирантурада білімін тереңдетті. 1988 жылы техникалық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге арналған диссертацияны қорғады. Диссертациялық жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып және жарияланған ғылыми мақалаларына, (1991ж. бастап) «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасыдағы еңбек өтіліне байланысты 2000 жылдың желтоқсан айында ЖАК бекіткен «экономика мамандығы бойынша доцент» ғылыми дәрежесіне ие болды. 2001 жылдың сәуір айынан бастап ҚарМТУ экономика және менеджмент факультетінің деканы, Совет төрағасы (2010 ж.- Экономика институтының директоры) қызметін атқарады. 65-тен астам ғылыми мақала жариялады, соның ішінде «Қарағанды көмір бассейні» кітабының бөлімінде, «Тау-кен кәсіпорнында жобалау» (мемлекеттік тілде) оқулығында авторлар құрамына енгізіліп, монографиялар, экономикалық пәндер бойынша жеті оқу құралдары жарияланған. 2008 жылы «ТҮКШ тиімді ұйымдастыру» жобасы бойынша қолданбалы зерттеу торы қарамағында экономикалық білім және зерттеулер Консорциум грантының иегері болды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 2003 жылы «Білім берудің Құрметті қызметкері» белгісімен, ректордың құрметті грамотасымен, 2006 жылы қала Әкімінің құрметті грамотасымен, 2008 жылы ректордың құрметті грамотасымен марапатталып, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.
3. Тен Нелли Владиславовна – кафедраның оқу-әдістемелік семинарына жауапты;
1971 жылы ҚарПТИ-ді «Тау кен өнеркәсібін ұйымдастыру және экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. 1972 – 1978 жылдар аралығында КНИУИ ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. Кандидаттық диссертацияны 1988 жылы Мәскеу тау кен институтында қорғаған. 1978 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚарМТУ-да жұмыс жасайды. Доцент дәрежесін 2005 жылы алды. «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Ақша, несие, банк» және «Экономикалық талдау» пәндері бойынша сабақ жүргізеді. 50-ден астам ғылыми жұмыстары, сонымен бірге 1 монографиясы, 2 оқу құралдары, 8 әдістемелік нұсқауы бар.
4. Кочкина Галина Александровна
1973 жылы ҚарПТИ «Машинаны құрастыру экономикасы және ұйымдастыру» мамандығын үздік аяқтаған. Аяқтағаннан кейін «Қарағанды көмір» Біріктіру бағдарламашы инженер болып жұмыс жасады. 1976 – 1985 жылдар аралығында ҚарМТУ-да МЖ кафедрасында ғылыми қызметкер, сосын ЭОМ кафедрасында аға оқытушы болып қызмет жасады. 1989 жылы ССРО ҒА Экономика институтының аспирантурасын тәмәмдаған. 1992 жылдан бастап оқытушылық қызметімен тәжірибелік жұмысын алмастыра отырып сақтандыру бизнесі саласыеда жұмыс жасады. 1988 жылдан бастап ҚарМТУ-да КЭ кафедрасында доцент қызметінде жұмыс жасайды. Сақтандыру және инвестициялау саласының мамандығы. «Сақтандыру ісі», «Қазіргі замаңғы құралдардын қаржылық инвестициясы» пәндерінен дәріс оқиды. 40 ғылыми мақалалары бар.
5. Тажибекова Кашамида Базылбековна – ОӘК үшін жауапты, УиА-11-1к тобының кураторы;
1998 жылы Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университетін «Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорнындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Еңбек жолын осы университеттің «Экономика және менеджмент» кафедрасының асситенті болып бастады. 2007 жылы Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Диссертациялық Кеңесінде кандидаттық диссертациясын мемлекеттік тілде қорғады. 2009 жылдан бастап Карағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. 48-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар, оның ішінде 6 оқу құралы: Кәсіпорын экономикасы, Макроэкономика, Экономикалық процестерді болжау және модельдеу, Мемлекетті басқару теориясы, Әлеуметтік сфера экономикасы, Жобалық-смета ісі, 3 электронды оқулығынегізгі экономикалық пәндер бойынша жасалды: Кәсіпорын экономикасы, Әлеуметтік сфера экономикасы, Сақтандыру ісі.
6. Хишауева Жанат Тулегеновна – экономика және менеджмент факультеты Кеңесігің мүшесі;
1999 ж. «Тау-кен өнеркәсібіндегі және геологиялық зерттеудегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша ҚарМТУ-ды үздік бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті болып бастады. 2003-2008 жылдар аралығында Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, 2008-2009 жылдар аралығында доценті және «Экономика және құқық» институтының директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2008 ж. 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары бойынша)» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге арналған диссертацияны қорғады.
2009ж. бастап ҚарМТУ-да жұмыс істейді. 2010 жылдан бастап ҚарМТУ Экономика институтының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
26 мақала, 3 оқу құралының, 3 электрондық оқу құралының авторы.
7. Уразбеков Абай Каргашевич – ғылым бойынша факультеттың декан орынбасары, Э-13-2 тобының кураторы;
1990 жылы «Жер астындағы ғимарат және шахты құрылысы» мамандығы бойынша КарПТИ бітірді. Осы жылы күндізгі бөлімге Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетіне аспирантураға түседі және 1994 жылы наурыз айында Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінде 08.00.05 – «Халықтық шаруашылық экономикасы және басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1994 – 1997 жылдар аралығында салықтық қызмет саласында жұмыс жасады. 1997 – 2009 жылдар аралығында Б. Бейсенова атындағы Қарағанды заң институтында доцент болды. Екінші жоғарғы білімі бар – 2001 жылы (үздік) Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2009 жылдан бастап КарМТУ-да жұмыс істейді. 40-тен астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар, оның ішінде монография, оқу кұралы, электронды оқулығы бар. «салық есебі», «Машина, жабдықтар және көлік құралдары бағалау», «Бизнесті бағалау», «Сақтандыру» пәндерінен сабақ жүргізеді.
8. Шаметова Айгерим Аманбаевна –Э-14-2 тобының кураторы;
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Өндіріс экономикасы және басқару» мамандығын үздік бітірген. 2004 жылы экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болған. 2010 жылдан бастап ҚарМТУ «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасында қызмет істеп, «Кәсіпорын экономикасы», «Инновациялық үрдістерді бизнес-жоспарлау», «Бизнесті бағалау» пәндері бойынша дәріс оқиды. 30 ғылыми мақалалары мен жұмыстары және 3 оқу құралы жарияланған.
Аға оқытушылар:
1.Нетовканая Надежда Алексеевна – «Есеп және аудит» мамандығының эдвайзері, УиА-12-2 тобының кураторы;
1979 жылы «Есепші-экономист» мамандығы бойынша Алматы политехникумын бітірді. 1979 – 2001 жылдар аралығында «Қарағанды мелькомбинат» бас есепшінің орынбасары қызметінде жұмыс жасады. 2001ж. Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтер-экономист» біліктілігімен бітірді. 2006 жылға дейін Алматы экономика және статистика академиясында қызмет етті. 2006ж. бастап ҚарМТУ-да жұмыс істейді. «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп І», «Аудит», «Практикалық аудит», «Саудадағы есептің ерекшеліктері», «Ауыл шаруашылығындағы есептің ерекшеліктері» пәндерінен сабақ өткізеді. 15 ғылыми мақалалары, «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп І», «Аудит», «Практикалық аудит», «Ауыл шаруашылығындағы есептің ерекшеліктері» пәндері бойынша электрондық оқулықтар (базалық версиясы) бар.
2. Танекеева Гаухар Джошина – кафедра хатшысы;
1999ж. ҚарМТУ «Тау-кен өнеркәсібін геология-барлау экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2001 жылы ҚарМТУ-да бастады. 12 ғылыми мақалалары жарияланды. Оның қазақ тілінде «Кәсіпорын экономикасы», «Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау», «Экономикалық талдау» атты оқу құралдары, сонымен қатар 15 әдістемелік нұсқауы және 3 электронды оқулығы бар. «Кәсіпорын экономикасы», «Өндірістік-шаруашылық қызметін талдау», «Өндірістік сала экономикасы» пәндерінен дәріс береді.
3. Журавлев Владимир Михайлович –УиА-11-2 тобының кураторы;
1975 жылы Е.А. Букетов атындағы КарМУ-нің «Материалды – техникалық жабдықтау экономикасы және жоспарлау» мамандығын бітірген. 1976 жылдан бастап Орталық Қазақстанның геология жүйесінде қызмет етті. 2009 жылдан бастап ҚарМТУ-де еңбек етуде. «Инвестициялық жобаларды тиімді бағалау», «Бағалаудың теориялық негізі» пәндерінен дәріс оқиды. 10-нан жоғары ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік жұмыстары жарық көрген. 2011 ж. «Бағалаудың теориялық негіздері» пәні бойынша оқу құралы өңделді және шығарылды. «Инвестициялық жобаларды тиімді бағалау» және «Бағалаудың теориялық негізі» пәндері бойынша электрондық оқу қорларын өңделді және шығарылды.
4. Сон Ирина Павловна – кафедраның филиалы үшін жауапты;
2005 жылы «Қазпотребсоюз» ҚЭУ «Метрология, сертификация және стандартизация» мамандығы бойынша «Инженер-эксперт» біліктілігін алған. 2005 — 2006 жж. колледжде экономикалық пәндерден дәріс оқыды және тәжірибе және үгіт-насихат бойынша колледжда жетекші болып жұмыс жасады. 2006 жылдан бастап ҚарМТУ «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істейді. 2008 – 2009жж. бастап ҚарМТУ-да МОжЖДБ маркетинг және жарнама бөлімінің жетекшісі болып табылды. Кафедра стендтерін өңдеу үшін жауапты және 5В090800 «Бағалау» мамандығы бойынша кафедраның филиалы үшін жауапты болып табылады. 12-ден аса ғылыми мақаласы, 2 оқу құралы, ЭОҚ бар. Алынды: Университет сайтына веб-портфолио енгізу туралы сертификат, «Жылжымайтын мүлікті басқару» және «Маркетинг» пәндері бойынша оқу құралына авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу құқығы туралы куәлік. Жер және жер кадастрын бағалау», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Маркетинг» пәндерінен дәріс оқиды.
5. Казакова Галина Николаевна –УиА-14-2 тобының кураторы, кафедраның аға оқытушысы;
1987 жылы ҚарМУ-нің «Қаржы және несие» мамандығын бітірген, біліктілігі — экономист.1988 жылдан бастап Гострудсберкасс жүйесінде есепші болып, одан кейін Қарағанды қаржылық институтында және банктік колледжде оқытушы болып қызмет жасады. 2009 жылдан бастап ҚарМТУ-де еңбек өтілін жалғастыруда. «Бизнесті бағалау», «Интеллектуалдық меншік және материалдық емес активтерді бағалау», «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық және басқарушылық талдау» пәндері бойынша дәріс оқиды. 8 ғылыми мақаласы және оқу-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 3 оқу құралы бар.
6. Хабибулина Татьяна Вильгельмовна – кафедрада тәжірибе жүргізуге жауапты, Э-12-2 тобының кураторы;
1993 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша ҚарМУ бітірді. Банк жүйесінде және өндірісте үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар. 1982 – 2044жж. аралығында банк жүфесінде жұмыс жасады. Қызметтер иеленді: КСРО Құрылыс банк техникалық бөлімінде инженер, Қарағанды қаласында «Видергебурд банк» ААҚ филиалы директорының орынбасары, Қарағанды қаласында «Каспий Банк» АҚ филиалының директоры. 2005 – 2010 жылдар аралығында «Компания Absolute Kazahstan Building» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс жасады. Негізгі жұмыспен бірге 1993 жылы Қарағанды қалаларында ЖОО-да педагогикалық қызмет иеленді, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Казпотребсоюза» КЭУ, КУБУП, ҚарМТУ мемлекеттік аттестациялық комиссияда сайыстар қабылдады. 2010 жылдан бастап ҚарМТУ-да «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасында жұмыс жасайды. «Қаржы», «Ақша, несие, банк» пәндері бойынша сабақ жүргізеді. Жұмыс уақытында ҚарМТУ-да 6 ғылыми мақала жариялады.
7. Тулупова Светлана Александровна – кафедрада МЖС үшін жауапты, Э-14-2 тобының кураторы;;
1998 жылы ҚарПТИ «Машина құрастыру экономикасы және менеджменті» мамандығын бітірген. Еңбек қызметін ҚарМТУ-да 1995 жылы бастады. 2004 жылдан бастап «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасына ассистент қызметіне ауыстырылды. 2006 жылы «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауыстырылды. «Экономикалық жүйедегі ақпараттық технология», «Экономика-математикалық әдістер және үлгілер» пәндерінен дәріс береді. 22 ғылыми-әдістемелік жұмыстары, 25 ғылыми мақалалары жарияланды. 4 электрондық оқулық дайындаған. Кафедрада СМЖ бойынша жауапты.
8. Рауандина Гульдарай Калкеновна – «Бағалау» мамандығының эдвайзері, Э-14-2к тобының кураторы;
1998ж. ҚарМТУ «Тау-кен өнеркәсібін геология-барлау экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2001 жылы ҚарМТУ-да бастады. 15 әдістемелік нұсқаулары, 16 ғылыми мақаласы, 2 әдістемелік оқулық және «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық нарықтар және делдалдар», «Экономикалық жүйелердегі ақпараттық технологиялар» пәндері бойынша 3 электрондық кітабы бар.
9. Суворина Вера Михайловна — УиА-13-2 тобының кураторы.
1983 жылы Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ «Қаржы және несие» мамандығын бітірген. 1984 жылдан бастап Қарағанды облыстық агро өнеркәсіптік комитетінде жоспралы-экономикалық бөлімде бас маман ретінде жұмыс жасады. 1998 жылдан бастап Мәскеу қазіргі замаңғы гуманитарлық университетінің (Қарағанды қаласы) филиалында оқытушы болып жұмыс жасады. 2009 жылдан бастап ҚарМТУ қызмет жасайды. «Қаржылық нарықтар және делдалдар», «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәндерінен дәріс оқиды. 10 ғылыми мақаласы және оқу-әдістемелік жұмыстары бар. «Қаржылық нарықтар және делдалдар», «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәндері бойынша ЭОҚ өңделді және шығарылды.
ОКҚ:
1. Лустов Николай Сергеевич — кафедраның инженері
2. Аубакир Людмила Владимировна — кафедраның инженері
3. Кисина Мира Каиржановна — аға лаборант