ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРТУ-ға ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН МАЛАЙЗИЯ МЕН ВЕНГРИЯДАН ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ


Біздің жоо-да халықаралық ынтымақтастықты дамыту академиялық алмасуды, алыс шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді кеңейту және тереңдету үрдісіне ие.

Сонымен, шетелдік ғалымдарды университетке оқытушылық қызметке тарту бағдарламасын жүзеге асыру аясында шетелдік ғалымдар келді: Захаруддин Мохамед — Малайзия техникалық университетінің профессоры (Малайзия); Мосави Амир және Дрегели Агота Обуда университеті (Венгрия).

Шетелдік ғалымдар «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау», «Өндірістік процестерді автоматтандыру» және «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедраларында оқытушылық қызметті жүзеге асыратын болады.

Білім алушылар үшін бірқатар дәрістер өткізу, кафедра оқытушыларымен бірлескен мақалалар жазу жоспарлануда. Алдағы уақытта осы университеттермен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.

Оқытушылық қызметінен басқа, профессорлар диссертация жазу бойынша магистранттарға кеңес береді. Жұмыс барысында ПОҚ үшін халықаралық жоғары рейтингті журналдарға мақалалар беру бойынша мастер-кластар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыруды өз қызметінің маңызды түрлерінің бірі ретінде қарастырады.

Без рубрики