Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері сұранысқа ие кәсіби құзыреттіліктерді игеріп қана қоймай, ғылыми жобаларға, еріктілер қозғалысына қатысады, бірақ олардың көпшілігі спортпен белсенді түрде айналысады, онда да елеулі жетістіктерге қол жеткізеді.
2023 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Қарағанды қаласында ересектер арасында джиу-джитсудан республикалық турнир өтті. Бұл турнирге біздің университеттің АиУ-23-2 тобының студенті Сағындық Асылмұрат қатысты.
Асылмұрат 94 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұл оның ересек спортшылар арасындағы бірінші көрсеткіші. Дебют біздің күткенімізден де асып түсті. Турнир қорытындысы бойынша Асылмұрат өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Қазіргі уақытта спортшы биылғы жылдың 1 қарашасында Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін халықаралық джиу-джитсу фестиваліне дайындалуда.
Асылмұратты жеңісімен құттықтаймыз. Оқуда және спортта одан әрі табыстар тілейміз!