УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КОНТИНГЕНТІ ӨСУДЕ


Мұғалімдер күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тағы 3 жас оқытушысына Басқарма Төрағасы – ЖОО ректоры, т.ғ. д., профессор, Әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов философия докторлары (PhD) дипломдарын табыс етті.

Тапсыру салтанатты жағдайда, университеттің Ғылыми кеңесі мен ректорат мүшелерінің қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 14.07.2023 жылғы №338 бұйрығымен Ернат Бақытұлы Иманбаевқа 8D07101 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 21.07.2023 жылғы №350 бұйрығымен Аяулым Дәлелбекқызы Әнуароваға 6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 21.07.2023 жылғы №354 бұйрығымен Айым Бақытбекқызы Есіркеповаға 6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Марат Кеңесұлы жаңа PhD докторлары — ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі бар белсенді жастар екенін үлкен қанағаттанушылықпен атап өтті.

Университеттің жастар кадрлық резерві тез өсуде. Оның негізін PhD докторантура түлектері құрайды. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау PhD докторантураның 8 өзекті бағыты бойынша жүргізіледі, олар бойынша ЖОО базасында диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс істейді.

PhD докторантура түлектері санының өсуі және олардың диссертацияларды сәтті қорғауы, сондай-ақ басқарушылық қызметке жаңа уәждеме университеттің негізгі бөлімшелерін басқару жүйесінде жастар кадрлық резервін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ЖОО-да 70-тен астам жас PhD докторлары жұмыс істейді, олардың 15-і департаменттер мен кафедраларды табысты басқаруда.

 

Әріптестеріміз – Е.Б.Иманбаевты, А.Д.Әнуарованы және А.Б.Есіркепованы – ғылыми дәреже алуларымен құттықтаймыз және оларға ғылыми және педагогикалық қызметте одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики