Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері «Бетпе-бет» тарихи фильмінің тұсаукесерінде


Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен студенттердің қазіргі буыны осы уақытқа дейінгі өмір туралы тек ата-аналарының әңгімелері мен әзірге аз ғана кітаптары мен фильмдерден біледі. Сондықтан ел тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оның қалыптасуына арналған жаңа туындының әрбір шығуы қазақстандықтар үшін оқиға болып табылады. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері оқу мен  көптеген қоғамдық істерге қарамастан осы тақырыпта пайда болған жаңалықтарды жіберіп алмауға тырысуда.

Жақында ОП-22-1 (куратор Е. Атькен), ОП-22-1с (куратор Ж.Қ. Мақсұтова.), ОП-22-2, 2с (куратор А.Т. Үмбетжанова), ОП-21-1 (куратор С.Ж.Қосбармақов), ОП-21-2 (куратор Б.М. Исина), ОП-20-1 (куратор С.Ж.Әбдіғалиева) «профессор А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының студенттері «Сарыжайлау» кинотеатрында «Saryarqa» телеарнасының «Бетпе-бет» жаңа туындысын тамашалады, режиссері Каршыға Иген. Фильмде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы қарапайым адамдардың өмірі, кейіпкерлердің өміріндегі қиын жағдайлар, достық пен сатқындық туралы баяндалады. Режиссердің айтуынша, оның мақсаты сол уақыт пен бүгінгі күнді көрсету, қазақстандықтардың бұрын қалай өмір сүргенін және қазір қалай өмір сүріп отырғандары туралы айту болды.

Кинофильмнің негізгі алғышарты жастарды адалдық, патриотизм және адамгершілік қағидаттарына тәрбиелейтін «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттауды жалғастыру болды.

Елдің салыстырмалы түрде жақын өткеніне негізделген фильмнің сюжеті студенттерге әсер етпей қоймады. Бұл көрініс олардың жүректерінде терең із қалдырды. Содан соң олар фильмді түсіруге қатысқандардың барлығына керемет жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтты.

Без рубрики