Марапаттармен құттықтаймыз!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Гүлбану Ахметжанқызы Әбілдина білім және мәдениет қызметкерлеріне арналған «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жариялаған конкурста 1 орын алды. 

Жақында Астанада салтанатты жағдайда Г.А. Әбілдинаға I дәрежелі диплом және адал еңбегі мен мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медаль табыс етілді.

Гүлбану Ахметжанқызы үшін бұл бай еңбек өмірбаянындағы алғашқы марапат емес. 2017 жылы ол «Дизайн өнеріндегі жетістіктері үшін» медалімен марапатталған. Ол Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. Бүгінгі таңда жинақтаған мол тәжірибесін, шеберлігін «Сурет және кескіндеме», «Сәулеттік композиция», «Сәулет графикасы» бейіндік пәндерін оқытатын студенттерге беруде.

Гүлбану Ахметжанқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Оған оқытушылық қызметте жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

Без рубрики