Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне Рессей университеттеріне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз:
- Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) — https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/calculator/
- Санкт — Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) — https://www.spbgasu.ru/applicants/areas-of-training/
- Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Томск қ., Ресей) https://tsuab.ru/educational-programs/
- Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей) — https://abiturient.tpu.ru/bachelor
- Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей ) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
- Урал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей) — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
- Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей) — https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/
- Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Мәскеу қ., Ресей) — https://bmstu.ru/bachelor/majors
- Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті (Иркутск қ., Ресей) — https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni
Өтініш беру үшін 09.10.2023 ж. дейін 241 кеңсеге келуінізді сұраймыз.
Шығындарды ішінара өтеу ЖОО-ның бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады (көлік шығындары, тұруға арналған шығындар, медициналық сақтандыруды сатып алуға арналған шығындар).
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- 2, 3-курс білім алушылары
- ағымдағы оқу үлгерімі GPA – 3.0 және одан жоғары
- орыс тілін білу
- Мамандықтың барынша сәйкестігі
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
- оқу жұмыс жоспары (2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне);
- транскрипт;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- тез тігіндегіш;
- сурет 3×4 – 3 дана;
- мектеп аттестатының көшірмесі;
- файлдар – 2 дана
- студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны;
- білім алушының отбасының көп балалы екендігін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін;
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат
Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!