«STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығы — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ғылыми-білім беру экожүйесін дамытудағы жаңа қадам


«STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығы «Профессор А.Н.Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының «Өнеркәсіптік көлік» ҒТО базасында университеттің 70 жылдығына арналған іс-шаралар кешені шеңберінде құрылды.

«STU-ENGINEERING» ҒТО негізгі міндеттері: ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және сараптамалық жұмыстарды жүргізу; жаңа техника мен технологияларды әзірлеу; қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инжинирингтік қызметтерді жүргізу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу процесіне енгізу болып табылады. Оның құрылымына тиімінше: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және сараптамалық-инжинирингтік секторлар, конструкторлық және патенттік бюро кіреді.

«STU-ENGINEERING» қызметкерлері 30 млн. теңгеге Республикалық грантты іске асырады, шаруашылық келісімшарттық жұмыстарды орындайды, олардың нәтижелері бойынша Scopus базасында және ҒБССҚК ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар жарияланды.

Биылғы жылы ANSYS Inc. компаниясының жалғыз ресми өкілі «ҚазақИнжиниринг» ЖШС, Қазақстанда «STU-ENGINEERING» ҒТО модельдеудің озық әдістерін ілгерілету және жемісті ынтымақтастық жұмысын Алғыс хатпен атап өтті.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бітіруші кафедраларда ҒТО ашу саясаты ЖОО-ның ғылыми-білім беру экожүйесін дамытады және ғылыми зерттеулердің сапасы мен сұранысын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін бірегей мүмкіндіктер жасайды. ҒТО инновациялық шешімдерді ұлғайтуға ықпал етеді және ғылыми-техникалық салада дамудың жаңа перспективаларын ашады, жастарды ғылымға тартады, бұл біздің еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Без рубрики