Тығыз ынтымақтастықта – белгіленген мақсаттарға


Жаһандану процестерін қамтитын қазіргі стандарттардың ақиқаты ең алдымен қазіргі өнегелік нормаларға сәйкес келуді талап етеді. Осы нормаларды ұстану қалай да болмасын бүкіл білім беру ортасын әлемдік интеграция алгоритмдеріне тартады.

Қазіргі уақытта ЖОО-ны интернационалдандыру халықаралық деңгейдегі мәртебеге қол жеткізу мақсатында негізгі фактор болып табылады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті интернационалдандыруға көп көңіл бөледі және халықаралық білім беру кеңістігі шеңберінде өзінің әлеуетін барынша тиімді пайдаланады.

Жоғары оқу орнын интернационалдандыру үдерісін іске асыруға тіл мамандары елеулі үлес қосуда. Олар университеттің жетекші шетелдік ғалымдарымен және практиктерімен, соның ішінде шет тілдері кафедрасымен тығыз халықаралық ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу, тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізу, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін дәрістер оқу, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға консультациялар мен ғылыми басшылық жасау мақсатында шетелдік мамандарды тарту бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде.

Коннектикут университетінің (АҚШ) профессоры Констанс Деверо біздің университетте интернационалдандыру жөніндегі проректор ретінде үлкен жұмыс атқарды, халықаралық деңгейде ЖОО профессорларының мәртебесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Шетелдік ғылыми ұйымдармен, оның ішінде ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің Өңірлік ағылшын тілін дамыту бағдарламаларының аймақтық кеңсесімен (RELO) белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде «English Language Fellow» халықаралық бағдарламасы бойынша оқытудың әлемдік тәжірибесі бар шетелдік мамандарды ұсыну бойынша үш грант ұтып алынды.

Техникалық бейіндегі студенттер мен магистранттардың ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне TESOL – Taryn магистрі A.U’Halie елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, ол STEM білім беру саласында жоғары оқу орнының ПОҚ біліктілігін арттыру мақсатында мазмұнды және қызықты семинарлар, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізді.

«Шет тілдері» кафедрасында техникалық ЖОО-ның интернационалдандыру әлеуетін дамыту бойынша ғылыми жоба сәтті аяқталды. Нәтижесінде техникалық ЖОО-ның халықаралық әріптестері үшін диалог алаңы болып табылатын әзірленген және сыналған цифрлық платформа арқылы интернационалдандыру моделі енгізілді.

Алда жаңа міндеттер мен жоспарлар тұр. Біз барлық күш жігерімізді болашақта оларды сәтті жүзеге асыруға бағыттауға ниеттіміз.

 

Без рубрики