Құрметті қызметкерлер мен ПОҚ!
Шетелде және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында «500 ғалым» атты ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы естеріңізге саламыз.
Тағылымдаманың ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін, университеттерде, ғылыми орталықтарда және басқа да ғылыми мекемелерде өтеді.
Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдамадан өту, екі жаққа ұшу шығындарын, сондай-ақ медициналық сақтандыру шығындары мен ай сайынғы стипендия төлейді. Стипендия мөлшері қала және белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді.
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:
- ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, магистр ғылыми дәрежесінің болуы;
- заңды тұлғалар болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде ғылыми зерттеу бойынша таңдалған мамандық саласындағы соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілі;
- сөзсіз шақырудың болуы;
- жұмыс органы белгілеген талаптарға сәйкес келетін деңгейде мемлекеттік және шет тілдерін білу;
- ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар және т.б.)
Толық ақпарат сілтеме бойынша https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/startoval-priem-zayavok-dlya-prohozhdeniya-nauchnyh-stazhirovok-za-rubezhom-na-2023-god
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 13 қазанға дейін.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сізден келесі нөмірлер бойынша, 87172769076 (107), 87016799036, сондай-ақ электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:kuttybayeva@bolashak.gov.kz