2023 жылғы 8 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Николаевич Перовпен және превенция басқармасы басшысының орынбасары Мыңғышев Арслан Қабылтайұлымен «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында кездесуі өтті.
Кездесу барысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Оқытушылар мен студенттердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді құралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылатыны атап өтілді.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы – Ректор Марат Кеңесұлы Ибатов сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды факторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне нөлдік төзімділікке тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, Әділетті Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Бірінші кезекте азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгерту қажет. Тек осылай ғана біз алға қойған мақсатымызды жүзеге асыруда, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысқа жете аламыз.
Кездесу соңында барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.