Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттік белсенімі жазғы көшпелі мектепке қатысты


25-27 мамыр аралығында «Jas Orda» жастар қауымдастығы жастар саясаты департаментінің қолдауымен «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінде Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағында «Jas Wave» студенттік активінің жазғы көшпелі мектебі ұйымдастырылды, оған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ең белсенді 100 студенті қатысты.

25 мамырда Әлімхан Ермековтің туған күнінде студенттер қоғамдық-саяси қайраткерлер – Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Алаш арыстары» ескерткішіне барды. Сонымен қатар студенттер Құнанбай қажы мешіті мен Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайында болды.

Студенттер үшін «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінің базасында тренингтер мен диалог алаңдары ұйымдастырылды, онда спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:

Рогачев Сергей – «Жас Орда» жастар қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, құрылыс саласындағы кәсіпкер, CET және CIVIND компанияларының тең құрылтайшысы.

Мұратов Ернұр – ірі кәсіпкер, RGB құрылыс компаниясының негізін қалаушы.

Рахымбек Дәурен – «Ауыл» партиясының «Ауыл Жастары» жастар қанатының төрағасы, ерікті.

Ақтаев Жандос – «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ жанындағы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жастар желісінің төрағасы.

Сонымен қатар, үш күн ішінде студенттер спорттық іс-шараларға, зияткерлік квесттерге, университетті жақсарту бойынша жобаларды әзірлеуге, сондай-ақ командалық білім беру, коммуникация, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған іс-шараларға қатысты, тауға жорық жасады, алау жанында концерттік бағдарлама орындады.

Осы күндері студенттер жарқын эмоциялар алды, таптырмас тәжірибе жинады, сондай-ақ жақсы таныстар тапты.

Без рубрики