Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған студенттер арасындағы брейн-ринг ойын


17 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жастар Әлемі» жастар сарайында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған брейн-ринг ойыны өткізілді.

Ойынға университет жатақханаларының командалары қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар тақырыптық тапсырмаларды орындады, ал екінші кезеңде зияткерлік сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында жеңіске жеткен командаға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Без рубрики