13 наурызда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде бітіруші курс студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесті. Спикерлер ретінде Департамент басшысы Жолданғар Ербол Қабдығалиұлы, сондай — ақ Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Кершман Ирина Михайловна сөз сөйледі.Қонақтар студенттерді ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына енгізілген өзгерістермен таныстырып, мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болатынын айтып, қоғамдағы және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәселесін қозғады.