24.04.2023 ж.


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті (Жалғыз акционер) бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды:

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 24.04.2023 жылғы № 178 бұйрығымен:

  1. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
  2. Қоғамның 2022 жылғы 265 747 768,68 теңге көлеміндегі таза табысы Қоғамның иелігінде қалды.
  3. 2022 жыл ішінде акционердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініштері түспегені анықталды.
Без рубрики