«Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы
Кураторлық сағаттардың күнтізбелік жоспары
Студенттерді тәрбиелеудің мақсаты жоғары кәсіби білімді, жоғары мәдениетті зиялы, әлеуметтік белсенді, азамат‑патриот мінезді тұлғаны жан жақты қалыптастыру болып табылады. Басты міндет – студенттердің белсенді өмір қызметі үшін жағдайлар туғызу, олардың өзіндік анықталуы және өзіндік қалыптастыру, зиялы, мәдени және дұрыс мінез құлық дамудағы қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру.
Тәрбие жұмысының көкейкесті міндеттері:
- тиімді кәсіби қызметке қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
- студенттерде азаматтық ұстаным мен патриоттық мінез, құқықтық және саяси мәдениет қалыптастыру;
- оқытушылық ортада студенттерге жеке даму субъектілері ретіндегі қатынас қалыптастыру;
- дұрыс мінез-құлықтарына, зиялыққа тәрбиелеу
- студенттік өзін-өзі басқарудың әр түрлі формаларында ұжымды басқара білу дағдыларын қалыптастыру;
- университет пен факультетттің тарихи мәдени дәстүрлерін сақтау және көбейту.