Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен және Кайд-е-Азам университетімен (Пәкістан) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды


2023 жылғы 18 мамырда Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістан университеттері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Шекті келісімге қол қою салтанатты рәсімі ұйымдастырылды.

Кайд-е-Азам университетін проректор Нияз Ахмад Ахтар ұсынды. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ тарапынан қол қою салтанатына атқарушы директор, профессор А.З. Исағұлов және Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы С.Е. Рахимбаева қатысты.

Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.С. Кистафин университет басшыларын құжатқа қол қоюмен құттықтап, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға барлық жағынан жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша практикалық қадамдарды имплементациялауға қызығушылық білдірді.

Без рубрики