«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ постдокторантура бағдарламасының келесі бағыттары бойынша конкурс жариялайды:


Дайындау бағытының коды Даярлау бағыты

 

Даярлау бағытының

шифры

Білім беру бағдарламасының шифры
8D071 Инженерия және инженерлік іс 8D0710

8D07102

8D07103

1       Машина жасау

2      Көлік, көліктік техника және технологиялар

3      Электроэнергетика

8D072 Өндірістік және өңдеуші салалар 8D07201

8D07202

8D07203

4      Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

5      Тау-кен ісі

6      Металлургия

8D073 Сәулет және құрылыс 8D07301

8D07302

7      Құрылыс

8      Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Постдокторантура бағдарламасына үміткерлер конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • ректордың атына жазылған конкурсқа жіберу туралы өтініш;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • философия докторы (PhD)  немесе ғылым кандидаты дипломның көшірмесі;
  • International English Language Tests System (IELTS, шекті балл — 5.5-тен кем емес), Grundbaustein DaF (шекті балл — С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл — С 1), Diplome d ‘ Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл — В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл — С 1), Test de connaissances de français (TCF, шекті балл — кемінде 400) (бар болған жағдайда), Test Of English as a Foreign Language (TOEFL ITP не менее 460) (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша шет тілінің сертификаты (ағылшын, француз, неміс);
  • ғылыми жұмыстарының тізімі (қосымшасымен бірге):
  • Scopus дерекқоры бойынша жарияланымдарға дәйексөз келтіру бойынша анықтамалар және/немесе Clarivate Analytics (Web of Science Core Collection) ақпараттық компаниясының дерекқорынан дәйексөз келтіру бойынша анықтама. Дәйексөз (цитирования) бойынша мәліметтерде жарияланымдар саны, Хирша индексі (h-index), дәйексөздердің жиынтық (жалпы) саны туралы ақпарат болуы тиіс;
  • патенттердің, куәліктердің, заңды және авторлық құқық объектілердің көшірмесі.
  • постдокторантура бағдарламасын іске асыру үшін орын бөлуді негіздей отырып, бөлімшеден өтініш, оның шеңберінде постдокторант өзінің ғылыми қызметін жүзеге асыратын болады (Ережеге сәйкес А Қосымшасы);
  • үміткердің ғылыми мүдделерін және постдокторантураға (personal statement) түсу мақсаттарын негіздеу;
  • үміткердің түйіндемесі (Ережеге сәйкес Б қосымшасы).
  • жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
  • өз саласындағы зерттеуші ғалымдардың жұмыс беруші ұйымның қолымен және мөрімен расталған екі ұсынысы (мүмкін болса).

Постдокторантқа 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия және өндірістік практикамен байланысты шығындарды өтеу және/немесе бүкіл оқу кезеңінде бір реттік 7 күнтізбелік күнге дейін созылатын халықаралық шетелдік конференцияларға қатысу шығындарын өтеуді қамтамасыз етеді.

Үміткерлерден өтінімдер 2023 жылғы 15 маусым, сағат 17.00-ге дейін сканерленген нұсқада мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: science@kstu.kz

Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және инновация департаментіне 8 7212 565184 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Без рубрики