Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы шеңберінде өндіріспен тығыз ынтымақтастықта мамандар даярлауды және ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.
Кәсіпорындармен жұмыс жүйелі негізде, келісілген жоспарлар мен уағдаластықтар бойынша жүргізіледі. Тіпті мамыр мерекелері «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі профессор В.Ю. Куликовқа, кафедра доценті Б.Б. Саркеновқа және PhD инженерлік бейіндегі сынақ зертханасының жетекшісі В.А. Андреященкоға мереке күндері арасында консорциумның 77 кәсіпорнының бірі – «Құрылысмет» ЖШС басшыларымен және мамандарымен техникалық кеңеске қатысуға кедергі келтірмеді.
Кәсіпорын атынан аталған кеңеске өндіріс жөніндегі директор Г.Т. Омраханов, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары В.Е. Колесников, сапа менеджменті жөніндегі директордың орынбасары Д.А. Авилов, бас конструктор С.В. Шляхов және персоналды басқару бөлімінің бастығы А.А. Хамзабаев қатысты.
Техникалық кеңес барысында кафедра мен кәсіпорынның ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша нақты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, кафедра 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аға оқытушының 0,25 мөлшерлемесіне «Құрылысмет» ЖШС-нің 1-2 қызметкерін штаттық кестеге (қоса атқаратын) енгізуді; «Металлургия» және «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға арналған қорытынды аттестаттау (жұмыстарын қорғау) бойынша аттестаттау комиссиясын жұмысқа тартуды ұсынды. Сондай-ақ, өндірістің өзекті ғылыми-техникалық мәселелері, студенттер мен магистранттар үшін өндірістік және зерттеу практикаларын жүргізу, кәсіпорын қызметкерлерінің магистратураға және докторантураға түсу мәселелері талқыланды.
Өткен кеңестің қорытындысы «Құрылысмет» ЖШС базасында «Нанотехнология және металлургия» шығарушы кафедрасының филиалын ұйымдастыру және «QazInnovations инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ бөлетін инновациялық гранттар конкурсына бірлескен өтінім дайындау туралы уағдаластықтар болды. Бұдан басқа, кәсіпорынның «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3-курс студенттерінің өндірістік практикадан өтуі үшін сегіз жұмыс орнын ұсынуы, сондай-ақ кафедраның кәсіпорынның ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуі келісілді. Мұның бәрі тараптардың сұранысқа ие мамандарды даярлауда, ғылыми зерттеулер жүргізуде және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуде жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және дамытуға деген берік ниетін көрсетеді.