ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ РУМЫН-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫН ОҚЫДЫ


Университетіміздің қызметіндегі басымдықтардың бірі ПОҚ біліктілігін үнемі арттыру және мамандарды даярлау процесіне жаңа технологияларды енгізу және ҒЗТКЖ орындау болып табылады.

2022 жылдың соңында Blockchain Center мен Binance компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың арқасында Қазақстанда блокчейн-инженерия мен комплаенсті оқыту бойынша әлемдегі ең ірі білім беру бастамасы іске қосылды. Erasmus+Teaching mobility халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Инновациялық технологиялар факультетінің оқытушылары Blockchain Center (@centerofblockchain) блокчейн-инженерия бойынша өзекті курстардан өтті.

2023 жылдың сәуір айында факультеттің жетекші оқытушыларының бірі – М.Г. Кожанов Румыния-Америка университетінде (Бухарест, Румыния) блокчейн технологиясымен жұмыс істеу бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Оның ағылшын тілінде өткізілген дәрістері мен практикалық сабақтарында осы университеттің студенттері бизнес пен қаржы әлемінде сұранысқа ие болып келе жатқан технология туралы білім алды.

Келесі қадам Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да блокчейн технологиясын оқыту бағдарламасын енгізу болады, бұл ЖОО-ға өз студенттерін әлемдік экономиканың заманауи сын-қатерлеріне дайындайтын инновациялық білім беру мекемесі ретіндегі беделін нығайтуға мүмкіндік береді. Біздің ЖОО жетекші шетелдік университеттермен және компаниялармен ынтымақтық орнатады, бұл студенттерге халықаралық жобалар мен желілерде жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі университет түлектеріне еңбек нарығында бәсекелестік артықшылықтарға ие болуға және блокчейн технологиясы саласында сұранысқа ие мамандарға айналуға көмектеседі.

Блокчейн технологиясын оқыту бағдарламасын енгізу Қазақстанға өңірде осы технологияны дамытуда көшбасшы орынға ие болуға және блокчейн-инновациялар орталығына айналуға көмектеседі, бұл елеулі инвестицияларды тартады және Қазақстанның жаңа экономикасының инновациялық дамуына ықпал етеді.

Без рубрики