Сыбайлас жемқорлық қатерлерін ішкі талдау нәтижелері туралы


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2023 жылғы сәуірде «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізді.

Университет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы «30» желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алды.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық қатерлерінің болуын бағалау сыбайлас жемқорлық қатерлерінің (көріністерінің) неғұрлым кең таралған индикаторларының тізбесін қолдана отырып жүргізілді.

Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын іске асыру бағыттары және ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық қатерлері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық қатерлерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалып, бекітілді және университет https://www.kstu.kz/ сайтында ашық қолжетімді іс-шаралар жоспары әзірленді.

Без рубрики