«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАДАҒЫ ҚОЛДАНУЛАРЫ» СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫҢ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ


Жыл сайын 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күнін атап өтеді. Осы мереке қарсаңында дәстүрлі түрде наурыз айының соңы — сәуір айының басында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жоғары математика» кафедрасы Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері арасында «Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданулары» атты студенттік ғылыми жұмыстардың халықаралық қашықтық конкурсын өткізеді.

Биыл V Халықаралық қашықтық конкурсы өтті, оған қатысу үшін Қазақстан, Ресей және Италия студенттерінің ғылыми жұмыстары ұсынылды.

Конкурс аясында «Математикалық және компьютерлік модельдеу» және «Қолданбалы математика» секциялары жұмыс істеді.

Конкурс қорытындысын т.ғ.д., профессор С. Ш. Қажыкенова (қазылар алқасының төрағасы); т.ғ.д., профессор С.Қ. Тутанов, доценттер Л.М. Мұстафина, Г.С. Шаихова, Н.Ф. Абаева, В.В. Журова құрамындағы қазылар алқасы бағалады.

Ұсынылған жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Politecnico di Milano, Rome University of Fine Arts (Италия), ОММТУ, ТПУ (Ресей), Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, ҚБТУ, Алматы технологиялық университеті, Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледж және т. б. 23 ғылыми-зерттеу жобасы іріктелді.

Жеңімпаздар деп жарияланды:

— «Ғылымның өзекті мәселелері» номинациясы:

  • Кильбаев А.Н. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ), Приставская Д.В. (ТПУ, Томск), Иванов К.С. (ОММТУ, Омбы) — бірінші дәрежелі дипломдар;
  • Нұрпейісова А. (Politecnico di Milano), Насиболла Н.С., Хаммат А. (Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледж) — екінші дәрежелі дипломдар;
  • Кенішбаев Н. Е., Хамитова С. Ж. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) — үшінші дәрежелі дипломдар;

— «Математиканың қолданбалы аспектілері» номинациясы:

  • Булгакова Е.Ю. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) — бірінші дәрежелі диплом;
  • Мусин Ш.М. (Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледж) — екінші дәрежелі диплом;
  • Рыбалкин А. А., Шевцов Р.А., (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) — үшінші дәрежелі дипломдар;

— «Қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы:

  • Шаншаров Д.Қ. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) – бірінші дәрежелі диплом;
  • Сатенова А.Қ., Құдуман А.Ж., Шалтақова А.Н. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ), Өтегенова А.А. (ҚБТУ) – екінші дәрежелі дипломдар;

— «Бағдарламалаудағы математика» номинациясы:

  • Тарашчук Н.О. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) – бірінші дәрежелі диплом;
  • Жамбеков А.Б., Асилов М.А., Аденов А.А., Рева Д.Д., Максимов П.П. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ), Karimova S.Y. (Rome University of Fine Arts) – екінші дәрежелі дипломдар;
  • Әбілхан А.М. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) – үшінші дәрежелі диплом;

— «Математикалық модельдеудің қолданбалары» номинациясы:

  • Канафина А.Р. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) – бірінші дәрежелі диплом;
  • Саратовкина А.П. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) – екінші дәрежелі диплом;
  • Мақаева А.Е. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ), үшінші дәрежелі диплом;

— «Кәсіптік-бағдарланған математика» номинациясы:

  • Атантаев Б.М. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) – бірінші дәрежелі диплом;
  • Қамиева Д.Б. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) – екінші дәрежелі диплом;
  • Сағатова Қ.Қ. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) – үшінші дәрежелі диплом;

— «Қазіргі әлемдегі математика» номинациясы:

  • Әбілпейсова М.Б. (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) – бірінші дәрежелі диплом;
  • Насырадинов Б.А. (Алматы технологиялық университеті) – екінші дәрежелі диплом;
  • Киютина К.Е. (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) – екінші дәрежелі диплом.

«Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданулары» атты V Халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар конкурсына қатысушы – жоғары оқу орындарына белсенді қатысқаны, жоғары кәсібилігі, дарынды және зерек жас мамандарды дамытуға жағдай жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Без рубрики