СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРТУ ТҮЛЕГІМЕН КЕЗДЕСУІ


13 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ҚМжТ кафедрасында сәулет-құрылыс факультетінің студенттері құрылыста өз идеяларын жүзеге асырған белгілі түлек, зерттеуші-тарихшы Сапар Ысқақұлы Ысқақовпен кездесті.

Құрметті қонақты университеттің атқарушы директоры, т.ғ. д., профессор Исағұлов А.З. қабылдады, ол университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ибатов М.К. атынан Сапар Ысқақұлына жылы лебізін білдіріп, жастарды патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Одан кейін қонаққа университеттің жетістіктер көрмесін, сәулет мұражайын, құрылыс зертханаларын аралау арқылы экскурсия ұйымдастырылды.

Студенттермен тікелей кездесуге Түлектер қауымдастығының төрағасы Т.С. Ынтықов, Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңестің төрағасы Қ.Б. Қызыров қатысты.

Сапар Ысқақұлы құрылыста көптеген қызықты жобаларды жүзеге асырған Құрметті құрылысшы. Ол сондай-ақ белгілі зерттеуші саяхатшы, 140 елде, Жердің екі полюсінде де болды. Зерттеуші-тарихшы ретінде ғалымдармен бірге ата-бабаларымыздың жерленген жерлері бар 46 елге барды.

Соңғы жылдары ол Қостанай облысында туристік хабты іске асырумен айналысады, оның құрылысы бойынша бейнеролик көрсетілді. Амангелді ауылындағы жеті гектар аумақта әлемнің ғажайыптарының шағын көшірмелерін ұсынатын 12 нысаннан тұратын көпфункционалды туристік кешен салу жоспарлануда: Үнді Тәж-Махал храмы, Чичен-Ица пирамидасы – Юкатан түбегіндегі майя тайпасының мәдени орталығы, Бразилия қаласындағы кафедралы собор, Париждегі салтанатты арка, Египеттегі Хеопс пирамидалары және т.б.

Хабтың ең басты ғимараты Модэ ғұндар империясының негізін қалаушы, мәмлүктердің жетекшісі Сұлтан Бейбарыс, ұлы ақын Абай Құнанбаевтан бастап Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлына, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа дейінгі Ұлы қазақтар мен олардың ата-бабаларын еске алуға арналған ұлттық еске алу Қабырғасы болмақ.

Кездесу диалог режимінде өтті, студенттер қонақты ерекше қызығушылықпен және үлкен ықыласпен тыңдады, сұрақтар қойып, оларға жан-жақты, қызықты жауаптар алды. Кездесу соңында Сапар Ысқақұлы баршаға оқуда табыс, өмірлік кәсібіне айналған мамандықтың кәсіби маманы болуларына тілектестік білдірді.

Университеттің алдағы 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған ол студенттердің қазіргі ұрпағы «Қарағанды Политехінің» дарынды түлектерінің дәстүрлері мен жетістіктерін лайықты түрде жалғастыратынына сенім білдірді.

Без рубрики