SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


Қазақстандағы Ғылым апталығы аясында 13-14 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде университеттің 70 жылдығына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты Республикалық студенттік ғылыми конференция өтті.

Конференцияға 82 отандық және шетелдік университеттің студенттері мен магистранттары қатысты. Шетелдік университеттерден Мәскеу политехникалық университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университеті, Томск политехникалық университеті (Ресей), Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь), Бұхара инженерлік-техникалық университеті (Өзбекстан) ұсынылды. Қазақстан Республикасы бойынша өз баяндамаларын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Nazarbayev University, Suleyman Demirel University, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ және т.б. студенттері ұсынды.

Конференция пленарлық отырыспен ашылды және одан әрі конференция жұмысы келесі өзекті бағыттарды қамтыған секцияларда жалғасын тапты:

  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • IT-және Smart-технологиялар;
  • автоматтандыру және робототехника;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • геотехнология;
  • геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
  • машина жасау;
  • металлургия және материалтану саласындағы инновациялық технологиялар;
  • көлік және логистика;
  • экономика;
  • химия-биология ғылымдары;
  • сәулет және құрылыс.

Конференция жұмысы студенттік ғылымды одан әрі дамыту және елдің индустриялық-инновациялық дамуы саласындағы негізгі мәселелерді талқылау үшін алаң құруға мүмкіндік берді.

Конференция соңында үздік қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Без рубрики