Республикалық студенттік ғылыми конференцияның ашылуы


13 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференция ашылды. Ол біздің университеттің 70 жылдығына арналды.

Университеттің атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Исағұлов Аристотель Зейнуллинұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушыларды жақында өткен Ғылыми қызметкерлер күнімен және университеттің келе жатқан мерейтойымен құттықтап, баршаға ғылыми зерттеулерде де, оқу процесінде де жемісті еңбек тіледі.

Пленарлық отырыста 8 студент өзекті тақырыптарда сөз сөйледі:

  • «Қазақстан экономикасындағы жұмыссыздық деңгейін талдау»;
  • «Problems of modern electric power industry and ways to solve them»;
  • «Қазақстандағы урбанизация процесі: тенденциялар мен перспективалар»;
  • «Валюта бағамының ұлттық экономикаға әсері»;
  • «ANY LOGIC» — логистикалық есептерді шешу кезінде жаңа буынды имитациялық модельдеу ортасы»;
  • «Геодезиялық міндеттерді шешу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану»;
  • «Машина жасау өндірісінде 3D басып шығаруды қолдану».

Ұсынылған баяндамалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Без рубрики