12 сәуірде Химия және химиялық технологиялар кафедрасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «ҚР органикалық синтез және көмір химиясы институты» ЖШС биологиялық белсенді заттар синтезі зертханасының жетекші мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді — х.ғ.д., профессор Оралғазы Ақтайұлы Нұркенов; ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д., профессор Серік Драхметұлы Фазылов; х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмағанбетов Жангелді Сейітұлы; т.ғ.м., докторант Меңдібаева Анель Жанатқызы; «AlsKazlab» ЖШС Бас директоры Қарасартов Қайрат Серікұлы; Қарағанды ИЛ зертханасының бастығы Данияр Қайратұлы Нұрымқанов.
Кездесу барысында пікір алмасу, химиялық технологиялар саласындағы перспективалық зерттеулермен танысу өтті.
Іс-шараның күн тәртібіне ғылыми мекемелер, кәсіпорындар өкілдерінің ауызша баяндамалары; аталған мәселелерді талқылай отырып, «Химиялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы; «Биоинженерия» ғылыми-білім беру кешеніне, «Жаңа материалдар» ҒЗИ-ға барумен экскурсиялар кірді.
Кездесуге қатысушыларға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің атқарушы директоры, т.ғ.д., профессор Исагулов Аристотель Зейнуллаұлы құттықтау сөз сөйледі.
Биологиялық белсенді заттарды синтездеу зертханасының ең жас қызметкері Меңдібаева Анель Жанатқызы химия және химиялық технологиялар кафедрасының 6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының магистратурасының түлегі. Сондай-ақ, Анель магистратурада алға қойған мақсатына нақты барғанын және доктарантураға түсе отырып, тиісті бейін бойынша ғылыми қызметпен белсенді айналысатынын атап өтті.