ПРЕСС-РЕЛИЗ Университеттің 70 жылдығына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференция өткізу туралы


2023 жылғы 13-14 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференция өтеді. Орны: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56 (бас ғимарат).

Конференцияны пленарлық (ашу және жабу кезінде) офлайн форматта және 14 секциялық отырыста аралас форматта өткізу жоспарлануда:

  1. «Энергетика және энергия үнемдеу»;
  2. «IT және Smart- технологиялар»;
  3. «Автоматтандыру. Робот техникасы»;
  4. «Ақпараттық — коммуникациялық технологиялар»;
  5. «Геотехнология»;
  6. «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»;
  7. «Машина жасаудың даму перспективалары»;
  8. «Металлургия және материалтану саласындағы инновациялық технологиялар»;
  9. «Көлік және логистика»;
  10. «Жаратылыстану ғылымдары»;
  11. «Гуманитарлық ғылымдар»;
  12. «Экономика ғылымдары»;
  13. «Химия–биологиялық ғылымдары»;
  14. «Құрылыс және сәулет».

Пленарлық отырыста 8 баяндама тыңдалады:

  • Кабдуалиева Жанель Нурлановна, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ЦАФ-21-2 тобының студенті «Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы адамның антропологиялық конфигурациясы»;
  • Назарова Аяулым Мұратқызы, академик Е.А. Букетов атындағы ҚарУ Э-22-21р тобының студенті «Анализ уровня безработицы в экономике Казахстана»;
  • Сингатуллин Ислам Рафаилович, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ЭЭМ-22-1 тобының магистранты «Problems of modern electric power industry and ways to solve them»;
  • Жахина Диана Қуанышевна, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Э-20-1 тобының студенті «Қазақстандағы урбанизация процестері: тенденциялары мен перспективалары»;
  • Самойлова Анна Константиновна, академик Е.А. Букетов атындағы ҚарУ Э-22-21р тобының студенті «Влияние валютного курса на национальную экономику»;
  • До Екатерина Владимировна, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ЛОГ-22-2с тобының студенті «ANY LOGIC» — среда имитационного моделирования нового поколения при решении логистических задач»;
  • Байғали Руслан Қанатұлы, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ГДЗМ – 21-2 тобының магистранты «Применение беспилотных летательных аппаратов для решения геодезических задач»;
  • Трудов Игорь Николаевич, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ МАШ-20-3 тобының студенті «Применение 3D печати в машиностроительном производстве».

Конференцияға 800-ден астам баяндама келіп түсті. Конференцияға деген қызығушылықтың артуы қарқынды дамып келе жатқан Цифрлық өнеркәсіп үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жетілдіру, өндіріске сұранысқа ие инновациялық технологияларды енгізу шеңберінде студенттік ғылымды дамытудың нақты қажеттілігінен туындады.

Контактные данные: тел.: (8 721 2) 56 52 34,

e-mail: nauka-kstu@mail.ru

Без рубрики