СОҢҒЫ 10 АЙДА ҚАРТУ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДАН ТҮСКЕН ТАБЫС ҮШ ЕСЕ ӨСТІ


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдарының «Галлуазиттік нанотүтікшелерді пайдалану арқылы қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру» жобасын коммерцияландырудан түскен табыс 2022 жылдың сәуірінен бастап 2,6 есеге өсіп, бүгінгі таңда 765 672 443,20 теңгеге жетті. Жұмыс т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Аристотель Исағұловтың жетекшілігімен жүргізілуде.

Жоба шеңберінде әзірленген «Сақтау» жабыны бірегей болып табылады және қазақстандық нарықта баламасы жоқ.

«Сақтау» құрамына галлуазиттік саздан алынатын табиғи нанотүтікшелер кіреді. Нанотүтікшелер есебінен жабын өздігінен қалпына келтіру қабілетіне ие болады, — дейді жоба менеджері.

Осы жұмыстың негізінде Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауытының базасында коррозияға қарсы жабындарды өндіру бойынша автоматтандырылған учаске құрылды және табысты жұмыс істеуде (пайда шамамен 766 млн теңгені құрады), ал Ғылым қорының осы жобаға бөлген қаражаты 5 есе ақталды.

«Сақтау» жабынымен қапталған металл конструкцияларын тұтынушылар «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс» корпорациясы, Қарағанды машина жасау консорциумы және басқалар болып табылады.

Без рубрики