Құрметті студенттер!


Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Малайзия техникалық университеті (Куала-Лумпур, Малайзия) және Пекин технологиялық университеті (Пекин, Қытай).

Ішінара өтемақы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • 2, 3 курс білім алушылары
  • GPA – 3.0 және одан жоғары
  • В2 деңгейінде ағылшын тілін білу (Upper-Intermediate)
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті

Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 28.04.2023ж. дейін 241 кабинетке (бас корпусқа) өтініш білдіруді сұраймыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. уәждемелік хат;
  3. мөрмен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
  4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;
  5. студент кәмелетке толмаған жағдайда ата-анасының жазбаша келісімі;
  6. сурет 3*4 – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 2 дана

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

Malaysian Technical University

http://coursefinder.utm.my/?_gl=1*1kz09es*_ga*MTA2NjkxNjI0MC4xNjc3NDc1NzA0*_ga_N3HJW8G3P7*MTY3NzQ3NTcwNC4xLjEuMTY3NzQ3NjEwMS4wLjAuMA..

Пекин технологиялық университеті

https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm#

Без рубрики