Құрметті білім алушылар!


Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне Рессей университеттеріне (Ұлы Петр Санкт-Петербург  политехникалық университеті, Томск политехникалық университеті,  Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Орал мемлекеттік тау-кен университеті, Тюмень индустриалды университеті, Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Өтініш беру үшін 10.04.2023 ж. дейін 241 кабинетке келуінізді сұраймыз.

Шығыдарды ішінара өтеу «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ бюджеттен тыс қаражаты  есебінен жүзеге асырылады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • 2, 3, 4 (факультет деканының рұқсатымен) курс білім алушылары
  • GPA – 3.0 және одан жоғары
  • Орыс тілін білу
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады: 

  1. Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) — https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/calculator/
  1. Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Томск қ., Ресей) https://tsuab.ru/educational-programs/
  1. Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей)   — https://abiturient.tpu.ru/bachelor
  1. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті  (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей ) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
  1. Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті https://www.spbgasu.ru/sveden/education
  1. Орал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей) — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
  1. Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей)-

https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/

  1. Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті (Иркутск қ., Ресей) — https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni

Өтінім беруге қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, факультет деканының қолымен);
  2. оқу жұмыс жоспары (2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне);
  3. транскрипт;
  4. жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;
  5. тез тігіндегіш (скоросшиватель);
  6. 3*4 сурет – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 2 дана
  9. студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны;
  10. білім алушының отбасының көп балалы екендігін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  11. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын студенттер санаты үшін;
  12. студенттің мүгедектігін растайтын құжат
Без рубрики