ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушыларына «ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2022» сертификаттары мен төсбелгілерін табыс етті


2023 жылғы 24 ақпанда Астана қаласында ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің 71 жоғары оқу орнынан 775 үміткер қатысқан 2022 жылғы Республикалық конкурстың жеңімпаздары ретінде 43 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы болды. Әрбір лауреатқа ғылыми-білім беру қызметіне 6 млн теңге көлемінде грант алуға сертификаттар табыс етілді.

Сертификаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тапсырды.

Ақшалай көтермелеуден басқа, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы-2022» ҚР ҒжЖБМ грантының иегерлеріне төсбелгілер табысталды.

Марапатталғандардың қатарында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 7 оқытушысы: Г.Б. Абдугалиева, А.А. Ганюков, Ф.М. Исатаева, Д.Ж. Қайбасова, С.Ш. Қажыкенова, Ю.Н. Пак және М.В. Пономарева бар.

2022 жылғы Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының оқытушылары ерекше көзге түсті: жеңімпаздар қатарына бірден 3 адам — кафедра меңгерушісі, PhD Исатаева Ф.М., т.ғ.д., профессор Пак Ю.Н. және т.ғ.к., доцент Пономарева М.В. кірді.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және ғылыми-білім беру қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики