Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Острава Политехникалық Университеті (Чехия).
Шығындарды өтеу «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ бюджеттен тыс қаражаты (көлік шығындар, тұру шығындар, медициналық сақтандыруды сатып алу шығындар) есебінен жүзеге асырылады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- 2, 3 курс білім алушылары
- GPA – 3.0 және одан жоғары
- В2 деңгейінде ағылшын тілін білу (Upper-Intermediate)
- Мамандықтың барынша сәйкестігі
Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 10.03.2023ж. дейін 241 кабинетке (бас корпусқа) өтініш білдіруді сұраймыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
- уәждемелік хат;
- мөрмен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
- Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;
- студент кәмелетке толмаған жағдайда ата-анасының жазбаша келісімі;
- сурет 3*4 – 3 дана;
- мектеп аттестатының көшірмесі;
- файлдар – 2 дана
Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.
Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:
Острава Политехникалық Университеті
https://www.vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-programme/