Алғыс айту күніне орай 1 наурызда АЕЖ кафедрасында ИС-21-3, ITM-21-2, ИС-21-2с (куратор Савченко Н.К.), ВТ-22-1с (куратор Абилдаева Г.Б.), ВТ-22-2с (куратор Когай Г.Д.), ITM-20-1 (куратор Смагулова А.С.)


1 наурыз, көктемнің бірінші күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күні олар аға буынға, туыстарына, жақындарына, достарына, әріптестеріне және көмектесіп, қолдау көрсететіндердің барлығына алғыс білдіреді.

Алғыс айту күні — бұл өткенге құрмет көрсету күні, депортация кезінде көрсеткен көмегі үшін бүкіл халыққа алғыс айту күні. Бұл мереке өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімін, сондай-ақ этносаралық қатынастарды нығайтуға тәрбиелейді.

Алғыс айту күніне орай 1 наурызда АЕЖ кафедрасында ИС-21-3, ITM-21-2, ИС-21-2с (куратор Савченко Н.К.), ВТ-22-1с (куратор Абилдаева Г.Б.), ВТ-22-2с (куратор Когай Г.Д.), ITM-20-1 (куратор Смагулова А.С.) топтарының қатысуымен «РАҚМЕТ, ҚАЗАҚ ЖЕРІ» шығармашылық іс-шара өтті.

Ұйымдастырушылар: Савченко Наталья Каримовна, Абилдаева Гүлнұр Балтабайқызы.

Кеште туған жеріне, жақындарына және туыстарына алғыс білдіретін өлеңдер мен әндер шырқалды. Кеш қонағы  қазақ күйлерін және «Туған Жер» әнін орындаған Қарағанды политехникалық колледжінің студенті Шариф Мақсат болды. Сонымен қатар, қызықты тақырыпқа байланысты викторина өткізілді. Студенттер мен кеш қонақтарына Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, АЕЖ кафедрасының доценті Искаков М.Б. алғысын жеткізді.

Қамту-60 студент.

 

Без рубрики