Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетіне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.
Өтініш беру үшін 10.03.2023ж. дейін 241 (бас ғимарат) кеңсеге келуінізді сұраймыз.
Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде оқу ақысыз негізде жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ бюджеттен тыс қаражаты (көлік шығындары, тұру шығындары, медициналық сақтандыруды сатып алу шығындары) есебінен жүзеге асырылады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- 2, 3, 4 курс білім алушылары (факультет деканының рұқсатымен)
- GPA оқу үлгерімі — 3.0 және одан жоғары
- Орыс тілін білу
- Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті
Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің мамандықтар тізімімен төменде танысуға болады:
- Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Мәскеу қ., Ресей) — https://bmstu.ru/bachelor/majors
Өтінім беруге қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, факультет деканы);
- оқу жұмыс жоспары (2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне);
- транскрипт;
- жеке куәліктің/төлқұжатының көшірмесі;
- скоросшиватель;
- 3*4 сурет – 3 дана;
- аттестат көшірмесі;
- файлдар – 2 дана
- өтініш үлгісі;
- білім алушының отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);
- студенттің мүгедектігі туралы анықтама