«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқармасы 2022 жылғы қысқы қабылданған магистранттарымен және докторанттарымен кездесті


Кездесу 2023 жылдың 10 қаңтарында өтті. Биылғы жылы қысқы қабылдау бойынша университетке қосымша 75 адам 18 магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша және 20 адам 7 PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша түсті.
Басқарма Төрағасы – Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов жастар алдында сөйлеген сөзінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде FESTO, TOTAL, Schneider Electric, Mitsubishi Electric, Leica Geosystems, FLUOR, Epam Systems, CISCO и HUAWEI трансұлттық корпорацияларымен серіктестікте құрылған заманауи ғылыми-білім беру инфрақұрылымы бар екенін атап өтті.
Жоғары оқу орны ең беделді әлемдік рейтингтердің бірі – QS World University Rankings ТОП — 651+ қатарына кіреді, БСҚЖТА-2022 ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстанның үздік техникалық университеттері арасында көшбасшы болып табылады.
2023 жылы университет 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде 100 мыңнан астам жоғары білікті мамандар дайындалды, олар қазір тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де жұмыс істейді.
Басқарма мүшелері — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М. Темербаева, ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар Ә.К. Рақышев және А.Қ. Қалықов білім алушыларға жеке траектория бойынша ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып, оқыту, магистранттар мен докторанттардың әлеуметтік дамуымен бірге ғылыми қызметті іске асыруға қатысу мәселелерін қозғады.
Кездесу барысында ЖОО-ның басшылығы магистранттар мен докторанттарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беріп, оларға оқуда және ғылыми зерттеулерде табыс тіледі.

Без рубрики