Үздіктер қатарында


Республикалық конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 7 ғалымы «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2022» атағына ие болды. Олардың арасында PhD, «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасы доцентінің м.а. Д.Ж. Қайбасова бар.

Динара Жеңісбекқызы кафедрада 2013 жылдан бастап жұмыс істейді.

2015 жылы ТЕМПУС 543808 «PICTET: Ресей мен Қазақстандағы ұлттық біліктілік жүйесі негізінде кәсіптік АКТ-білім беруді дамыту» жобасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.

2016 жылы Санкт-Петербург ұлттық механика және оптика ақпараттық технологияларды зерттеу университетінде DoubleDegree бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады.

2020 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ диссертациялық кеңесінде 6D070300 — «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «Білім беру бағдарламаларын құрастырудың зияткерлік жүйесіне арналған модельдер, әдістер мен алгоритмдерді әзірлеу» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияны сәтті қорғады.

Динара Жеңісбекқызы «Машиналық оқыту және деректерді талдау» магистратурасы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі, дәріс курстарын жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде оқиды және өзекті IT-пәндер бойынша практикалық сабақтар жүргізеді.

Data Science: табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру, зияткерлік жүйелерді жобалау бағытында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Оның ғылыми жетекшілігімен студенттер мен магистранттар СҒЗЖ мен МҒЗЖ-да айтарлықтай жетістіктерге жетті:

— Гран-при, BI Innovations Құрылыс Хакатоны, сәуір, 2021 Нұр-сұлтан қ.;

— «IT Fest 2021» инновациялық идеялар фестивалінің «Ақпараттық технологиялар» секциясында 1 орын, ХАТУ, Алматы қ.;

— 3 орын дипломы, М.Нұртай – international competition of scientific works and creative projects of students and undergraduates on the use of ICT, 3 наурыз 2021 ж., Қарағанды;

— студенттер, аспиранттар мен жас ғалымдардың «Жастар және заманауи ақпараттық технологиялар» XVIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының дипломы, 22-26 наурыз 2021 ж. Томск, РФ.

Динара Жеңісбекқызына ғылымда және IT-саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики